Kyzylorda-news.kz. «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушыларына партия бағдарламасын егжей тегжейлі түсіндірді.⠀
Онлайн режимінде өткен Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушыларымен кездесуінде Партия төрағасы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында «Ауыл» партиясынан тізім бойынша 625 кандидат ұсынылғанын айтты.⠀
«Оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісіне 19 адам, облыстарға және Республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына – 98 адам, аудандық және облыстық маңызы бар қалалық мәслихаттарға – 508 адам. Қазір барлық 17 өңірлік және 177 аудандық штаб белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарына кірісті», деді ол.⠀
Айта кетейік, Партия қазірдің өзінде бекітілген медиа-жоспарға сәйкес барлық өңірлерде халықпен, жұмыс ұжымдарымен кездесулер өткізіп жатыр.