Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында 37 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде. Оның 2-еуі ет бағытындағы дүкен. Әлеуметтік дүкендерді жалға алу үшін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас ғимаратына барып, өтінім (қағаз жүзінде) береді.
Қажет құжаттар тізбегі:
- Өтінім беру (қағаз жүзінде);
- Жалға алушының ИП-сы болуы шарт;
- Салықтық берешегі жоқ екендігі жөнінде анықтама;
- Несие тарихы туралы анықтама;
- Жалға алушы корпорацияның дербес шотына бастапқыда 1 000 000 (бір миллион) теңге қаржы салып, анықтамасын өткізу қажет.