Әлемдегі ең ерекше ғимараттар – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Әлемдегі ең ерекше ғимараттар

17.10.2020, 12:00

82 0

Kyzylorda-news.kz. Ежелгі заманнан бері сақталған әлемнің жеті кереметі туралы естімеген адам жоқ. Одан бөлек көпшілік біле бермейтін ерекше құрылысымен тамсандыратын таңғажайып ғимараттар да бар.

Жаңа Оңтүстік Уэльсте толығымен төбенің ішінде орналасқан ғимарат бар. Ол «Көрінбейтін үй» деп аталады.

Шанхайдағы InterContinental Wonderland курортының ғимараты.

Grotta Palazzese – Полиньяно-Маре шағын қаласында орналасқан әлемдегі ең романтикалық мейрамхана.

Испаниядағы Сетенил-де-лас-Бодегас қаласында ғимараттардың көпшілігі жартастың дәл өзіне салынған.

Бұл – бірегей Мадаин-Салих сарайы. Жалғыз жартастан ойылып, жерасты өткелдері арқылы жақын маңдағы басқа ғимараттармен байланысқан.

1967 жылы Монреальде «Хабитат-67» таңғажайып ғимараты салынды.

Қытайдың Уцзинь қаласындағы жасанды көлге «Лотос» ғимараты салынған.

Мадонна делла Коронаның италиялық қасиетті орны 400 жыл бойы Бальдо жартасында тұр.

Роттердамдағы Overblaak көшесінде текше үйлер орналасқан. Бұл жер әлем төңкеріліп кеткен сияқты әсер қалдырады.

Әлемдегі ең ұзын су көпірі – Магдебург, 918 м. Германияның кеме жүретін екі маңызды артериясын жалғап тұр.

Дағыстандағы Джули көпірі бір де бір шегесіз ағаштан жасалған. Ол 200 жыл бұрын салынған және әлі күнге дейін қолданыста.

Роттердамдағы жабық базар әлемдегі ең әдемі базар саналады. Ол арка тәрізді тұрғын үйдің ортасында орналасқан.

Румыниядағы қараусыз қалған Салина Турда шахтасының үлкен қуысы ойын-сауық саябағына айналған.

Хабар 24

0

Пікір қалдыру