Kyzylorda-news.kz. Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон әсер етеді. Осыған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Түнде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін.
Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кезекті антициклонның жылжуымен батыс өңірлерде де жауын жоқ, күн ашық.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде солтүстікте, батыста тұман түседі.