Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет ел аумағында 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бұрынғысынша ҚР аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Жауын-шашын жауады, елдің солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі», — делінген ақпаратта.

Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде.

Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары болады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда.

Тағы да оқыңыз: