Фото: pixabay.com

Kyzylorda-news.kz. 7 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады, онымен жаңбыр, найзағай күтіледі. Барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады. Батыста бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: