Kyzylorda-news.kz. Еліміздің солтүстік, батыс өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыстан келетін циклон әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында найзағай жарқылдап, жауын-шашын болады.

Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында. Сондықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Түнде шығыста, солтүстік-батыста тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: