Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты басқарма басшылары және құқық қорғау саласының бірінші басшыларымен бірге Шиелі ауданында тұрғындармен кездесті. БАҚ-та және әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландырумен таныс болған азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына негізделген қабылдауда барлығы 80-ге жуық азаматтың өтініші қаралды. Облыс әкіміне 34 тұрғын келді. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар өз мәселесін жеткізді.

Құқық қорғау органдарының басшыларына 40 жуық азамат өз мәселесін жеткізіп, заң аясында тиісті түсіндірме алды. Жеке қабылдауда алдын-ала «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы арқылы жазылған, жазбаша нысанда түскен өтініштер де қаралды.

Айта кетейік, 7 аудан бойынша облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 500-ден аса азаматтың өтінішін қараса, құқық қорғау органдарының басшылары 300-ге жуық тұрғынның талап-тілегін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
 

Тағы да оқыңыз: