Kyzylorda-news.kz. Бүгін бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда найзағай ойнап, жауын сіркірейді.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнайды.