Kyzylorda-news.kz. 6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады.
Атап айтқанда, Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.