Kyzylorda-news.kz. Қазақстан таэквондодан өткен халықаралық жарыста топтық есеп бойынша бірінші орынды иеленді. Жарыс Пәкістанның Исламабад қаласында өткен, деп хабарлайды Stan.kz.

“2021 COAS Pakistan Open Taekwondo Championships” жарысында G-1 класы бойынша қазақстандық таэквондошылар 6 алтын және 1 күміс медаль жеңді. 

46 келіге дейінгі салмақта Айдана Еділбаева, 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанқызы, 62 келіге дейінгі салмақта Жадыра Хайруллина, 67 келіге дейінгі салмақта Нұрай Хусайнова, 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз  және 73 келіден жоғары салмақта Айгүл Елубай чемпион атанды. 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Диана Абсенова күміс медаль алды.

Тағы да оқыңыз: