Kyzylorda-news.kz.  Диетолог Молли Хембри брокколи, асжапырақ, мангольд, кейл қырыққабаты мен романо аскөгін 50 жастан асқан адамдар міндетті түрде жеуі керек деп санайды. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады. 

Диетологтың пікірінше, бұл көкөністерді тұтыну жас ұлғайған пайда болатын созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. Ең алдымен, асжапырақты жеген дұрыс дейді ол. 

 Асжапырақтың құрамында А дәрумен, лютеин, зеаксантин бар. Бұл заттектер көз жанарына жақсы әсер етіп, көз ауруларының алдын алуға пайдасы мол, – деп түсіндірді диетолог.

Ал сүйектерді қатайту үшін кейл қырыққабатын пайдалану маңызды, оның құрамныда кальций мен Д дәрумені көп. 

Романо аскөгі А дәрумені, калий мен талшыққа бай, әрі калориясы аз. Ал буындары ауыратын жандар үшін брокколи пайдасы ұшан-теңіз дейді дәрігер. Күнделікті мангольд атты жемісті жеу деменция мен Альцгеймер ауруының алдын алуға таптырмас дәрумен.

Тағы да оқыңыз: