Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, тек республиканың батысында және таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, солтүстікте, оңтүстікте, батыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады,
Түнде оңтүстікте, Ақмола орталығында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді.
Түркістанда, Қызылорда облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.