Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте көктайғақ күтіледі.