Kyzylorda-news.kz Қызылорда өңірінде жыл басынан бері 1 кент және 12 ауылдық округ әкімі жаңадан сайланды. Бүгін өңірдегі Қазалы ауданының Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінің әкімі сайланады.

Сайлау процесі 14 учаскеде өткізілуде. Дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. 
Кент және ауылдық округ бойынша 30 мыңға жуық сайлаушы дауыс беру құқығына ие.

Әйтеке би кентінің әкімі болуға 2 кандидат, Сунақата ауылдық округі болуға 3 кандидат сайлау бюллетеніне енді. Олардың басым бөлігі өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынап көруде.

Аймақта сайлауға отбасымен келу үрдісі қалыптасқан. Сондай-ақ, бір көшенің тұрғындары саналатын көршілер, ұжым қызметкерлері бір мезетте келіп дауыс беруге атсалысуда.

Тағы да оқыңыз: