Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің тек солтүстік-батысында, оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.