Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, бір миллиардтан астам адам – әлем халқының шамамен 15% – ы мүгедектіктің қандай-да бір түріне ие.

Қызылорда облысында 30 мыңнан астам мүгедек бар. Олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған.

ҚР «МӘМС туралы» заңының 26-бабына сәйкес, I, II, III топтардағы мүгедектігі бар адамдар мемлекет жарналар аударатын азаматтардың 15 жеңілдік санаттарының қатарына кіреді. Мәліметті толығырақ мына.) сілтеме арқылы білуге болады.

Сонымен қатар, заңның 27-бабына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы жеке кәсіпкерлер МӘМС жарналарынан босатылды, сондай-ақ жұмыс берушілерге мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар төлеудің қажеті жоқ.

Азаматтардың осы санатына барлық медициналық қызметтердің қол жетімді. Медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына «Qoldau – 24/7» мобильдік қосымшасы арқылы жүгінуді сұраймыз. 

Тағы да оқыңыз: