Kyzylorda-news.kz. Еліміздің батыс өңірлері әлі де циклон ойпатының ықпалында болады, осыған байланысты қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің солтүстік – батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен қар, оңтүстігінде жаңбыр, қар жауады. Тек ҚР оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанды. 

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болжанды, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Тағы да оқыңыз: