ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет ел аумағында 29 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасап, ауа райын қалай болатынын хабарлады.

“Солтүстік-батыс антициклон жотасының әсерінен еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ал елдің қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында-жауын-шашын (жаңбыр, қар). Қазақстанның оңтүстік жартысында найзағай ойнайды. Республика бойынша тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз шығыста және орталықта екпінді жел күтіледі” дейді синоптиктер.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Тағы да оқыңыз: