Kyzylorda-news.kzСиноптиктер 26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Аптап ыстық та болжанды.

Екатеринбург облысынан келетін циклон Қазақстан аумағына әсер етеді және республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Тағы да оқыңыз: