ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 26 қыркүйек, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр, шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. 

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Тағы да оқыңыз: