Kyzylorda-news.kz. 25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: