ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 25 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.  

Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің шығысында атмосфера фронттарының әсерінен жаңбыр, таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, шығыста екпінді жел соғады. 

Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Тағы да оқыңыз: