Kyzylorda-news.kz.  Қазгидромет синоптиктері 24 мамыр, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен найзағай болады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұршақ жауады.

Республиканың басым бөлігіне ашық ауа райын әкелетін антициклон ықпал етеді.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.

Павлодар, Қызылорда облыстарының шығысында орталығында, орталықтарында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың оңтүстігінде және шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: