Kyzylorda-news.kz. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек елдің орталығында антициклонның әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның барлық аумағында тұман, желдің күшеюі болжанады.
