Kyzylorda-news.kz. 22 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, онымен найзағай, дауыл, екпінді жел күтіледі. Солтүстік аумақта түнде қатты жаңбыр жауса, шығыста жауын-шашынсыз ауа рыйы болжанады. Сондай-ақ республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұманды болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Күндіз Жетісу, Ұлытау, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-40°С қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында өрт тұтану қаупі аса жоғары.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысы мен шығысында өрт шығу қаупі аса жоғары.
Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік жартысында от шығу қаупі аса жоғары.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанады.