Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдан бастап экономиканың бірқатар саласын реформалау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов бастап жатқан реформалары туралы айтқан.

“Сонымен экономикада мұнай мен оның бағасынан тәуелсіз сектор құрылады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Туризм, агрошаруашылық сынды секторға ерекше көңіл бөлінеді. Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – елдің бизнес-қауымдастығына қажетті жағдай жасау. Біз «Атамекенмен» бірлесе отырып, шағын және орта бизнесті ынталандыру үшін кәсіпкерлік ахуалын жақсарту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз. Жыл қорытындысы бойынша биыл елде оң өсім жоқ. Бірақ 2021 жылы біз қалыпты өсу қарқынына қайта оралуды жоспарлап отырмыз”, – дейді Қайрат Келімбетов.

Тағы да оқыңыз: