Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жыл басынан бері 538 құқық бұзушылық анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. 

Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу  – 223 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылықпен тіркелгендер саны – 65. Тыныштықты бұзудың – 121 дерегі, ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 12 дерегі жыл басынан бері орын алған.

Белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша – 5 дерек,  ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – 16 жағдай орын алды. Қалалар мен елдi-мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру- 50 дерек тіркелген. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы- 54 дерегі тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендегенін көрсетеді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берудің 2 дерегі тіркелді.

Тағы да оқыңыз: