Kyzylorda-news.kz. 1 қаңтардан бастап елімізде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізіледі, «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Өзгеріс қай бағытта жүргізіледі?

Өзгерістер банк алдындағы берешегін өтей алмай жалғыз баспанасынан айырылғалы тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталады.

Ұлттық банктің мәліметтеріне қарағанда, бағдарлама аясында 7300-дей азаматтың қарызы қайта қаржыландырылады. Оның жалпы сомасы 4,6 миллиард теңге. Ол банк алдындағы берешегі бар азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асады. Яғни, жалғыз баспанасы банк балансына өтіп кеттен азаматтарға үй қайта беріліп, қарызы қайта қаржыландырылады. Немесе тұрғын үйді кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды Үкімет пен әкімдік өкілдері жекелеген тәртіппен жүзеге асырады. Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру келер жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Ал өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 желтоқсаныа дейін қабылданады.

Айта кетейік, ипотекалық қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайтуға бағытталған бағдарлама 2015 жылдан бастап іске асырылуда. Екінші кезеңі 2018 жылы басталды. соның арқасында былтырдан бері 9 мыңға жуық адамның өтініші мақұлданып, қайта қаржыландыруға 78,7 миллиард теңге берілді.  

Сақтандыру компанияларының активтері 18%-ке өсті

Биыл еліміздегі сақтандыру компанияларының активтері 18%-ке өсті. Осылайша, олардың жалпы құны 1,2 триллион теңгеге жетті. Соңғы жылдары елімізде сақтандыру нарығының қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Мәселен, соңғы бес жыл бойы олардың орташа өсімі 15%-ті көрсетіп келеді. Осылайша, биыл сақтандыру активтері Ішкі жалпы өнімнің 1,9%-ін құрады. Өсімге ерікті түрде сақтанатындар санының артуы да себеп болып отыр. Биылғы он айдың өзінде олардың өсімі 64%-ке өсіп, 170,5 миллиард теңгеге жетті. Сарапшылардың болжамы бойынша 2030 жылға қарай еліміздегі сақтандыру сыйақысы екі екі жарым есеге ұлғаяды.

Айта кетейік, бүгінде отандық нарықта 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді.  

Республика бойынша түркістандықтардың қаржылай табысы аз

2019 жылдың үшінші тоқсанында халықтың қаржылай табысы 9,6%-ке өсіп, жан басына шаққанда 175 мың теңгеге жетті. Ал инфляция 5,4%-ті құрады. «Финпром» сайтының мәліметтеріне қарағанда халық табысының 72%-і еңбекақының үлесінде. Ал 23,5%-і зейнетақы, түрлі әлеуметтік төлемдер мен степендияға тиесілі.

Енді табысы көп өңірлерді атап өтсек. Көш басында Алматы тұр. Шаһар тұрғындарының орташа табысы 238 мың теңге. Яғни респбуликалық көрсеткіштен 35%-ке көп. екінші Нұр-Сұлтан қаласы, ал үштікті Қарағанд облысы түйіндейді. Ал халық тығыз орналасқан Түркістан облысының тұрғындары табысы республика бойынша ең төмен саналады. Мұнда табыс 105 мыңнан сәл асады. Одан кейін Тараз бен Қызылорда облыстары. 

ІІІ тоқсанында еліміздегі АЭА 60,4 млрд теңге инвестиция салынды Биыл үшінші тоқсанда еліміздің арнайы экономикалық аймақтарына 60,4 миллиард теңге инвестиция тартылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, инвестицияның ең көп ағыны «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне» тартылды. Мұнда құйлған қаржының жалпы сомасы 35,1 миллиард теңге. Одан кейін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын атап өтуге болады. Өңір іскерлері мұнда 7,1 миллиард теңге құйған. Үштікті 6 миллиард теңгемен Түркістан түйіндейді. Салық аударымдарына келетін болсақ, 2019 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша АЭА-тар 21,7 млрд теңге аударды.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 378 теңге 6 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 378-379 теңгеге сатып алуға болады.

Тағы да оқыңыз: