Kyzylorda-news.kz. 20 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, түнде елдің оңтүстігінің таулы аудандарында қатты жауын-шашын, найзағай болжанады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан жоғары артады. Өңірдің таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, тұман болады. Тауды аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді, түнде 23-28 м/с артады.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Күндіз өңірдің батысында жел 15-20 м/с соғады.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с артады. Жаяу бұрқасын, тұман, күндіз батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Жаяу бұрқасынмен соғып, көктайғақ болады.
Түнде Қарағанды облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Өңірдің батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел, шаңды дауыл күтіледі.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында тұман тұрады. Өңірдің батысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады.