Kyzylorda-news.kz. 20 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Түнде Қазақстан аумағының орталық және шығыс бөлігіне циклон ықпал етеді.

Салдарынан кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте – жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Күндіз циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, елдің басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ете бастайды.

Осыған байланысты батыс аудандарда жауын-шашын жаумайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: