Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райы антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде – желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.