ФОТО

Kyzylorda-news.kz. 19 қыркүйек күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап жаңбыр жауады. Республика бойынша солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: