Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 18-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жауын жауады.

Республика бойынша батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - екпінді жел, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі сақталады, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі туындайды.

Тағы да оқыңыз: