Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет мамандары 17 мамыр, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Оңтүстік циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының басым бөлігіне әсерін сақтайды.
Салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Әсіресе оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі бар.