Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды. Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Тағы да оқыңыз: