Kyzylorda-news.kz. 20 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Сейсенбі күні Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Ақтөбе облыстарының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: