Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде облыстың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: