Kyzylorda-news.kz. 16 қарашада Қазақстанның 11 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен солтүстігінде ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады.
Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Қызылорда облысының батысында тұман болады деп күтіледі.