Kyzylorda-news.kz. Республика аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Елдің қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен байланысты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман жүреді деп болжанып отыр.