Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, температуралық фон төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасынды сақтай отырып қозғалады.
Елдің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Ал Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с.