Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша екпінді жел болжанады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Ауа температурасы +36 +38 градусты көрсетеді.