Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстанның басым бөлігі әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады. Сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңіз аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: