Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның батыс бөлігінде циклонның әсерінен, сондай-ақ фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР территориясының өзге бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, күн ашық болады. Алайда осы күні республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі.

Қызылорда облысында ауа температурасы +27 +29 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Тағы да оқыңыз: