Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды әрі суық антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жаумайды. Түнгі уақытта тұман және үсік жүреді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Батыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронттар үстемдік етеді. Сондықтан ж аңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды.
Қазақстанның басым бөлігінде жел жылдамдығы — 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні — 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.