Kyzylorda-news.kz. Бүгін жоғары қысымды өрістің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, шығыста, қиыр батыста, күндіз ел орталығында фронтальды бөлімдердердің өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстігінде тұман сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтілуде. Сонымен қатар аймақта төтенше өрт қаупі бар.