Kyzylorda-news.kz. Солтүстік-батыс циклонына байланысты ҚР территориясының басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Яғни, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында жауын-шашын түседі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады, басым бөлігінде жел күшейеді.

Қызылорда облысының түнде басым бөлігінде, күндіз орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде өңірдің солтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Тағы да оқыңыз: