Kyzylorda-news.kz. Оңтүстік циклон Қазақстанның бүкіл аумағына өз ықпалын тигізеді, тек республиканың ең шеткі солтүстігі мен солтүстік-батысы суық антициклон жотасының ықпалында қалады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жоғары температуралық контрасттар мен көлденең қысым градиенттерінің жоғарылауы аясында Қазақстан Республикасының аумағында фронтальды аймақ қалыптасады. Осыған байланысты, жауын-шашын жауады, солтүстікте қар жауып жаяу бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде – көктайғақ, тұман, күндіз облыс орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.