Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, одан жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын күтіледі, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.