Kyzylorda-news.kz. Бүгін еліміздің басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, осыған байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста - найзағай, бұршақ, батыста - шаңды дауыл, солтүстік-батыста және орталықта - тұман түседі.
